Дүйсенбі, 5 қазан 2026 ж. 24 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:50
Бесін 12:08
Екінті 15:55
Ақшам 17:49
Құптан 19:14
Жаңалықтар

Найб мүфти жұма уағызын жүргізді

25 нау 2022 1 278 рет оқылды
Найб мүфти жұма уағызын жүргізді

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы жұма уағызын жүргізді.

Наиб мүфти жұма намазына жиналған ағайынға «Кішіпейілділік» тақырыбының уағыз айтты.

Сансызбай қажы дініміздегі көркем мінездің орыны, кішіпейілділіктің маңызы, бұл мінездің адам өміріне, қоғамға тигізер пайдасы жайлы ашып айтып берді.

Жұма намазынан кейін наиб мүфти елдің амандығы үшін дұға жасады.

Мешіт ақсақалдары наиб мүфтидің тұщымды уағыз-насихатына алғыс білдіріп, ақ батасын берді.

#Сансызбай Құрбанұлы