Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қазір бос емеспін

0 871

Түсінесің бе, қол жайып дұға жасағаныңызда «Мен қазір жауап бере алмаймын» немесе «Мен қазір бос емеспін» демейтін жалғыз Алла ғана екенін білесіз ба?

Біз көп жағдайда бір-бірімізбен сөйлескіміз келеді, кездесіп оған өтініш білдіріп, бір мәселе бойынша пікір алмасу немесе оны бір жерге шақыру сияқты себептермен хабарласқанымызда «Қазір бос емеспін» не болмаса «Кейін хабарласайық» деген сынды уәждер айтып жатады.

Алайда, адам айналасындағы барлық адамдардың тілектеріне, талабына, шақыруларына, шақыртуларына жауап бере алмайды. Дей тұрғанмен, біреуіне берсе, мыңына бере алмайды. Біріне қызықса, екіншісіне көңіл бөле алмайды. Бірінің талабын орындаса, екіншісінің талабын орындай алмауы, біріне қолындағыны берсе, екіншісіне ештеңе бере алмауы мүмкін. Қай уақытта болмасын есігін қаққанымызда ашатын, шақырсақ даусымызды еститін, «біттім» десек, «жеттім» дейтін тек бізді жоқтан бар етіп жаратқан Раббымыз ғана.

Біз Раббымызды іздеген кезде Ол әрқашан да бізбен бірге: «Құлдарым сенен мен туралы сұраса (айт): Мен өте жақынмын. Ол мен үшін дұға еткенде, дұға етушінің дұғасын қабыл етемін» («Бақара»сүресі, 186 аят).

Қиналып «көмек» сұраған кезде Ол әрқашан да бізбен бірге: «Қиналып көмек сұрағанда жауап беріп, қиын-қыстауда демеуші болған, сендерді жер бетінде билеуші етке Алладан басқа тәңір бар ма!..» («Нәмл» сүресі, 62 аят).

Алла ұлы және шексіз құдірет иесі, маған қамқорлығы оның сізге қамқорлық жасауына кедергі жасамайды.

Сонымен бірге, ол менімен, сіздермен, миллиардтаған басқа адамдармен, сондай-ақ жанды және жансыз тіршілік иелерімен, өсімдіктермен, жануарлармен, жасушалармен, жұлдыздармен, атомдармен, галактикалармен айналысады, олардың санын тек өзіне ғана аян.

Құмырсқаның ризығын ұмытпағаны сияқты киттің ризығын да беруді ұмытпайды.

Ол мұхит түбіндегі тіршілік иелеріне де, аспанда ұшқан құстарға да ризық беруші.
Біз оның есігін қаққан сайын бізді қарсы алатын Иемізге сенгеніміз үшін қаншалықты алғыс айтсақта аз.

Бізге ешқашан «мен қазір бос емеспін» демейтін Аллаға сенгеніміз үшін қаншалықты алғыс айтсақта аз.

Бірдеңе сұрасақ, бір өтініш білдірсек «өкінішке орай, бізде жоқ, басқаларға бердім» демейтін Алланы танығанымызға қаншалықты алғыс айтсақта аз.

Көмек сұраған кезімізде «Менің қолымнан осы ғана келеді өкінішке орай, менің жағдайым жоқ» демейтін әл-Қадір болған Аллаға сенгеніміз үшін қаншалықты алғыс айтсақ та аз.

Мұндай Жаратушы иеміз бар кезде басқадан баспана немесе қолдау іздеу бекершілік.

Олай болса біз әрдайым: «Алла бізге жетеді. Ол қандай тамаша Жаратушы, қандай үлкен жәрдемші» («Әли Имран»сүресі, 173 аят).

Руслан Байзақов

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.