Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Исламдағы «мектеп» түсінігі

0 1  646

Сөздікте «жазу» деген мағынаны білдіретін «кетб» түбірінен шыққан жер атауы Мекке (көпше түрі mekâtib) «мектеп» дегенді білдіреді. Көбінесе кітапхана үшін қолданылады.

Арабтар мектепті «куттаб» деп те атаған. Алайда тіл ғалымы Мүберред мектебтің «білім алатын балалар» деген мағынаны беретінін айтып, ілім берілетін жерге бұл атауды беруді дұрыс емес деп санайды. Бұған қоса алғанда, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) заманынан бері оқу-жазу немесе Құран оқытылатын мектептер «құтпа» деп аталды.

Алайда, XIX. ғасырдан бастап «мектеп» сөзі кең мағынада қолданылып, бүгінгі мектептің орнына барлық оқу орындарында дерлік қолданылуда.

Сонымен қатар, ислам әлемінде «мамандық» (мектебі философия), (мешшаийюн мектебі), тәлим мағынасында (мектебі ислам) және кеңсе мағынасында (мектеб-и Бәрид), Агенттік мағынасына келетін (Мектебу л-Әнба) деген қолданыстары да бар.

Тарихтағы ең көне мектептер жазу ойлап табылған Месопотамияда кездеседі. Бұл жерден оқушылардың отыруға арналған тас немесе саман орындықтары бар ғимараттардың қалдықтары табылды.

Шумер мен Аккадта «Әдубба» деп аталатын мектептер ғибадатханаға іргелес салынып, сабақтарды діни қызметкерлер жүргізетін болған. Шегемен жазуы бар тақталар осы мектептердің оқыту әдістері мен деңгейі, оқушы-мұғалім, ата-ана-мұғалім қарым-қатынасы сияқты әртүрлі пәндер туралы мәліметтер бар.

Көшпелі өмір сүретін қоғамдарда тұрақты мектеп құру мүмкін болмағандықтан, көптеген ұлттар тарихта жалпы сауатсыз қоғам ретінде танылды. Жахилият дәуірінде Мекке, Мәдина сияқты қалаларда сауат ашу мектептерінің болғаны туралы мәлімет жоқ. Балазури арабтарындағы жазудың дамуы туралы мағлұмат беріп, құрайыш тілінде оқитын және жаза алатын он жеті адамның есімдерін келтіреді. Мәдинада да оқып, жазатын арабтардың саны аз еді. Бұл арада бір яһудидің араб жазуын білгені және оны Мәдина қаласының тұрғындарының балаларына үйреткені жайында мәлімет бар.

Хижреттен кейін орны анық болмаса да, Меккеде мектеп мекемесінің бар екені анық байқалады. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) Бәдір тұтқындары ішіндегі сауатты адамдарды, он мұсылман баласына оқуды жазу үйреткендерін азат еткені белгілі. Осылайша Меккеде бір немесе бірнеше сыныптары бар мектеп құрылғанын айта аламыз.

Уаһиді жазғандардың ішінде Зейд б. Сәбитде осы мектептің шәкірттерінің бірі болған.

Төрт Халифа дәуірінде, әсіресе Хз. Омар заманында мұндай мектептер кең тарады. Оның әкелген жаңалықтарының қатарында мектеп ашу және мұғалімдерге жалақы төлеуді қалыптастырды. Кейбір риуаяттарда бүгінгі таңдағы мектептердей мектептердің болғанын байқаймыз. Бұған дәлел, Әбу Хурайра Мектеп ұстазының алдына барып, өзін толғандырған мәселені түсіндіру үшін балаларды жинауды өтінеді, ал жиналған балаларға мектеп немесе сыныптта шу шығармауларын ескертеді. Осылайша бұл мектептер, Абдулла б. Омардың мектеп оқушыларына сәлем бергені айтылады. Әмәуилар мен Аббасидтер дәуірінде мектептер дамуын жалғастырған. Даххак б. Мұзахимнің Куфе қаласында 3000-ға жуық бала оқытылатын және құрметті ұстаздар қызметін атқарған үлкен мектебі болғаны белгілі. Әмәуи губернаторы Хажжаж б. Юсуф әс-Сәкәфидің де жас кезінде Таиф қаласында ұстаздық (муктиб) қызметін атқарғаны жөнінде риуаяттар бар.

Алғашқы кезеңдерден бастап барлық мектептерде арнайы ғимарат болмағаны сөзсіз,әдетте қожалар бөлгелердегі мешітте және мешіттің жанындағы жеке бөлмелерде дәріс үйірмесін құратын. Десек те, ерте кезеңде мешіттердің жанынан арнайы жеке мектептер салынды деуге болады. Балалар мектепте оқып, жазуды үйреніп, Құран жаттағаннан кейін мешіттерде тереңдетілген сабақтарын жалғастыратын. Мектепке барған балалар тәрелкені жазып алып, оны тазалау үшін суы бар ыдысқа малып, шүберекпен сүртетін. Бұл суды теңізге, құдыққа немесе бұлаққа, немесе тапталмайтын таза шұңқырға құйып, өшірілген жазбаларға құрмет көрсететін. Оқу бағдарламасы әдетте сауат ашу, грамматика, Құран, хадис, поэзия және математиканы қамтыды және бағдарлама негізінен Құран төңірегінде қалыптасты. Жазу жаттығуларында Құранның кейбір аяттары бүгінгі мектептердегі тайғақтарға ұқсайтын етіп қолданылды.

Алайда аяттардың бұрмалануынан қауіптеніп, аяттың жойылуы шіркін деп есептелетіндіктен, бұл мақсатта кейбір өлеңдер мен әдемі сөздер қолданылған. Жалпы, мектептерде сауат ашу мен Құран, тіл т.б. мәселелер бойынша тәлім-тәрбие беретін болған.

Мектептердің білім беру тарихы тұрғысынан ерте санауға болатын кезеңде өте озық әдістерді жасағаны байқалады. Мысалы, оқушылардың бүгінгі интеллект сынағының нәтижесі бойынша берілген білім сияқты олардың ақыл-ойы мен қабілетіне қарай оқытылып, оқудың басында оқушыны жалықтырып, үмітсіз сезінбеуге күш салынды. Табысты студенттерге көшелерде шерулер мен бадамдар және т.б. марапаттар табысталды.

Кей кезеңдерде исламға қарсы болған кей бір топтар мектептегі ұстаздардың дәрежесесін түсу үшін көптеген пікірлер үретті. Бұған кейбіреулерінің білімі үстірт болса, кейбірінің соғыстан қашу сияқты себептермен бұл кәсіпке түсуі, кейбірінің балалық мінез танытуы сияқты ықпалы болды дей аламыз. Ескі Грек жазуларында риуаяттарда ұстаздарды менсінбеу және тексіз деуі әсер етті. Өйткені олар ұстазды күлкілі тұлғалардың бірі деп санағанын.

Шәкірт-мұғалім қарым-қатынасындағы әр кезеңде кездесетін кейбір мәселелерге Ислам фиқһ ғалымдары өз пікірлерін білдірген. Мысалы, тәлім-тәрбиесін құтпадан бастаған имам Шафии ұстаз шәкіртін тәрбиелеу үшін ұрып, оның өліміне себепкер болса, оған диета төлеу керек екенін айтады. Әбдулкәрім б. Мұхаммед әр-Рафи әл-Казуинидің риуаятына қарайтын болсақ. Хз. Пайғамбарымыз қиямет күні Алла Тағала олардың жүзіне қарамайтын, ақтамайтын және азапқа ұшыраттатын үш топтың біріншісі ретінде жетімге зұлымдық жасап көтере алмайтын тапсырмалар берген ұстаз деген.

Сонымен қатар, ең маңызды тұстарының бірі де мұғалімдерге төленетін ақыны шектемейтін, баланың ата-анасының қаржылық мүмкіндігіне қалдырылатын болған. Бұндай жағдайда, сарайларда басшылар мен мемлекет қайраткерлерінің және қаланың орталықтарында дәріс беретін мұғалімдердің жалақысы өте жоғары болуы мүмкін. Сонымен қатар, бұл кезеңдерде «бастауыш мұғалім» деген термин қолданылмаған. Мектеп мұғалімдері сол жердің басшысынан кейінгі екінші тұлға болған.

Мұсылман дінін қабылдаған жергілікті сұлтандар, жоғары лауазымды қызметшілер және ауқатты адамдар мектептер салып, білім беру шығындары үшін негіз қалыптастырған. Сонымен қатар көптеген жерлерде жетім балаларға арналған жеке мектептердің салынғанында айта аламыз.

Осылайша мұсылмандар дінін ұстануымен қатар білімге көп көңіл бөлген. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) көптеген хадистерінде білімге және оны үйренгенге, үйреткенге Алланың ақыретте мол саупберетіні мен қатар бұл дүниеде дәрежесінің көтерілетінін айтқан. Мектеп «Білетіндер мен білмейтіндердің» ара жігін ажыратын жер, адамның рухани дәрежесінің өсетін жері. Мектеп мұсылманның мәбени ошағы екенін біле жүру баршамыздың міндетіміз.

Руслан Байзақов

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.