Жұма, 2 қазан 2026 ж. 21 рабиғул ахир 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 04:45
Күн 06:11
Бесін 12:09
Ақшам 17:55
Құптан 19:21
Жаңалықтар

Ораза жайлы сауалдарға жауап берді

6 сәу 2022 1 090 рет оқылды
Ораза жайлы сауалдарға жауап берді

Қасиетті Рамазан айының басталуына орай ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі тікелей эфирде көрермен сұрақтарына жауап берді.

«Оразадағы өзекті сұрақтар» атты сұрақ-жауап форматындағы онлайн бағдарламаға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы мен Шариғат және пәтуа бөлімінің мамандары Бауыржан Әбдуәлі мен Медет Құрмашұлы қатысты.

Діни басқарманың МУФТИЯТ ҚМДБ YouTube-арнасында және Instagram желісіндегі @muftiyatkz парақшасында өткен тікелей эфирде оразаға қатысты жыл сайын қайталанатын дәстүрлі сұрақтар да, заман ағымына орай туындаған сауалдар да қойылып, тұшымды жауап берілді.