Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қажылық жасауға рұқсат берілді

0 817

Сауд Арабиясы Корольдігі «Қажылық-2022» маусымында шетел азаматтарына қажылық жасауға рұқсат берді.

Сауд баспасөз агенттігі Корольдіктің Қажылық және ұмра министрлігі ақпаратына сілтеме жасай отырып биыл миллион адамға дейін қажылық рәсімін орындауға рұқсат берілетінін жеткізді. Өткен жылы Корольдік аумағындағы 60 мың адамға, ал бұдан екі жыл бұрын 1000 адамға ғана қажылық орындауға рұқсат берген болатын.

Биыл жасы 65 тен аспаған, COVID-19 екпесін алған азаматтарға қажылық орындауға рұқсат беріледі. Шетелдік қажыларға Корольдікке кірместен 72 сағат бұрын алынған COVID-19 вирусының теріс сынама нәтижесін көрсету талап етіледі. САК Қажылық және ұмра министрлігі қажылық рәсімдерін орындауда азаматтар өз қауіпсіздіктері үшін санитарлық талаптар мен сақтық шараларын орындауға міндетті екенін ерекше ескертеді.

Айта кетейік, биылғы қажылық рәсімі 7-12 шілде аралығында өтеді. Сауд Арабиясы Корольдігі Қазақстан қажыларына қанша орын бөлетіні әлі белгісіз. Белгілі болған кезде қосымша хабарланады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.