Жоғарыдағы әңгімеге тұздық болсын. Интернетте рас-өтірігі белгісіз мынадай бір ақпарат жүр.
АҚШ-та «Некені қалай сақтап қалу керек?» атты кітаптың авторы әйелін атып өлтіріп, фейсбукта мәйіттің суретін жариялапты-мыс.
Ал, Дейл Карнеги болса жалғыздықта дүние салса, Бенжамин Споктың ұлдары әкесін қарттар үйіне тапсырмақшы болып, Мария Монтессори ұлын бала асыраушы отбасыға тапсырыпты.
Себебі, ол өзінің бұл дүниедегі мақсатын «өзін бөтен балаларға анау» деп санапты-мыс. «Қалай бақытты болу керек?» бестселлерінің авторы депрессиядан асылып қалыпты-мыс. Мотивация туралы кітаптар, жекетұлғалық өсу тренингтері, сайып келгенде, заманымыздың өнімі, түлкінің боғы.
Бақытжан Бұқарбайдың «Күміс кітабынан»
sunna.kz