Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Астамшылыққа ұрынсаңыз, ел обалы мойныңызда

0 373

Бір күні Сары Үйсіннің Сары биі Ескелдінің үйіне қоныпты. Сонда Сары би қолын сүртуге берген сүлгінің ортасын ұстап, сүртініп, ұзақ тұрып алыпты. Ескелді:

– Қалайша ортасына сүртініп тұрсыз?, – деп сұрайды.

– Бір мәні болғаны ғой. Түсінсеңіз, түсінерсіз. Түсінбесеңіз, қоярсыз, – дейді Сары би.

Ескелді мырс етіп:

– Шетіне сүртінсеңіз, «Бірігіп, ел боламыз» дегеніңіз еді. Екі ұшына сүртінсеңіз, «Еліңді екі бөлем» дегеніңіз еді. Ортасына сүртіндіңіз, «Ортаңды қақ жарып, қоныс аламын» дегеніңіз ғой. Асқақ ойлап, астамшылыққа ұрынсаңыз, ел обалы мойныңызда, – депті.

Сары би асқанын мойындап, елін қайтадан Іле дариядан ары өткізіп, Алатау баурайына көшіп кетіпті.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.