Елордада ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің мақсаттары мен міндеттерін ілгерілету жөніндегі уәкіл, Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының басқарма төрағасы Болат Сәрсенбаевпен сұхбаттасты.
Кездесу барысында Болат Сәрсенбаев Бас мүфтиге Съездің кезекті Хатшылығы мен жұмыс тобының дайындық жұмысын таныстырды.
Бас мүфти Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің дінаралық татулықты нығайтудағы орны мен рөлін ерекше атап өтті. Б.Сәрсенбаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғамда адамгершілік қағаидаттарын дәріптеп, рухани бірлікке шақырып келе жатқан еңбегін жоғары бағалап, конфессияаралық бағыттағы ортақ мақсаттар нәтижелі болатынына сенім білдірді.
Кездесу нәтижесінде тараптар бірліскен игі жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.