Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас имам Қадір түні жайлы сұхбат берді

0 544

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Руслан Байзақов Қадір түніне орай «Жетінші» арнаға сұхбат берді.

Әрбір діни даталар қарсаңында халыққа дұрыс ақпарат беру – мешіт жұмыстарының маңызды бір тармағы.

Бас имам «Жетінші» арна эфирінде қадір түнінің маңызы жайлы мәлімет беріп, қасиетті кеште қандай дұға жасау керектігі жайлы Пайғамбар (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) өсиетін жеткізді.

Сонымен бірге, қасиетті түнді қалай өткізу керек екені жайында да ақпарат берді.

Арна тілшілерін Қадір түнін қарсы алуға деген мешіт дайындығымен таныстырды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.