Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қажылық орындары кокурстық негізде бөлінді

0 577

Екі жылдық үзілістен кейін Сауд Арабиясы Королдігінің Қажылық және ұмра министрлігі Қазақстан азаматтарына қажылық құлшылығын атқаруға рұқсат берді.  

Осы мақсатта биылғы қажылық маусымында қажыларымызға қолайлы жағдай жасау және қажылықпен айналысуға үміткер туристік фирмалар арасында адал бәсекелестікке қол жеткізу мақсатында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (әрі қарай – ҚМДБ) Сауд Арабиясы тарапы ҚМДБ-ға берген қажылық орындарын әділ бөлу үшін ашық жариялаған конкурс бойынша 2022 жылғы 15-25 сәуір аралығында туроператорлардан құжаттар қабылданды.

Қажылық орындарын бөлуде әділдік қағидатын қамтамасыз ету мақсатында ҚМДБ абыройлы және қажылық саласына қатысы жоқ, діни қызметкерлерден тұратын арнайы комиссия ҚМДБ төрағасымен бекітілді. Туроператорларға қажылық орындарын бөлуде ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында «Үміткер туроператорларға қажылық орындарын бөлу» туралы ҚМДБ ережесі қолданылды.

Туроператорлардан келген өтініштер мен талап етілген құжаттар ортаға салынып, әрқайсысы мұқият қаралды. Комиссия мүшелері жоғарыдағы ережеге сүйене отырып қажылық орындарын туроператорларға төмендегі кестеде көрсетілгендей бөлді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.