Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ғұмар Қараш: Ғаламға қожа – адам

0 473

Жаратқан Алла ғаламды,

Бірін-бірі сүймекке.

Ғаламға қожа адамды,

Осы жолда күймекке.

Жан кірлейді тот басып,

Махаббатпен күймесе,

Бір асылға сыр қосып,

Шын көңілден сүймесе.

Жан табысып тоюдың,

Пұлына баға табылмас.

Кір тазарып, күюдің,

Құнына жиһан шағылмас.

Жан қосылып, сүйісу

Адамшылық міндеті.

Үнсіз, тілсіз сөйлесу –

Ғашықлықтың сүннеті.

Жақ көзіңнің шоғымен,

Сүйіктім, ғашық жазыңды.

Ат кірпігің оғымен,

Киіктей тағы жанымды.

Дидарың – қақпа, бір барып,

Тауап етпей басылман.

Махаббатың – Құран, бір ашып,

Оқып шықпай ашылман.

Періште боп сыр тасып,

Қиялың күш береді.

Пайғамбарша көк асып,

Көңілім дидар көреді.

Періште – қиял, өзің кім?

Жете алмайды біздің тіл.

Пайғамбар – көңіл, сөзің кім?

Ойла-дағы, өзің біл!

Мәшһүр Жүсіп жинақтаған мұралардан алынды

Sunna.kz

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.