Хиуа ханы Қазыны тұтқынға алып: “Бес сұрақ беремін, соған жауап берсең босатамын” депті.
–Қатын деген не?
Бала деген не?
Қыз деген не?
Мал деген не?
Инабат деген не? Дейді екен.
Сонда Қазы былай деп жауап қайырған екен:
–Қатын – тұрақ емес пе?
Бала – шырақ емес пе?
Қыз – өріс емес пе?
Мал – кіріс емес пе?
Инабат ердің азығы емес пе?
Инабатты ер – елдің қазығы емес пе? – депті.
Осы сөзінен кейін хан Қазыны тұтқыннан бостапты.
“Қазақ халқының философиялық мұрасы” кітабынан алынды.
sunna.kz