Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ Бөлім меңгерушісі жамағатпен жүздесті

0 294

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде мыңдаған елордалық жамағаттың қатысуымен оқылған айт намазға Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының бөлім меңгерушісі арнайы қатысты.

Таң сәріден Алла үйіне жиналған жамағатты «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Руслан Байзақов Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

ҚМДБ-ның Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков жиналған жамағатпен жүздесіп, айтпен құттықтады.

ҚМДБ Төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының  «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің жамағатын айтпен құттықтауын жеткізді.

Сонымен бірге, Құрбан айттың шығу тарихы және мән-мағынасы жайлы тұщымды уағыз-насихат айтты.

 

 

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.