Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жұрт алдында сан қырынан сыналатын шақ

0 541

Балалық бал дәуренді бітіріп, бозбала шақтан өткен жас  жігіттік  кезеңге  аяқ  басады.  Бұл  кезеңнің  өзіне тән  ерекшеліктері,  талаптары  бар.  Қазақ  халқының ұғымында  жігітке  қойылатын  талаптар  көп.

Ең маңыздысы,  әрине,  әулетіне,  ағайынына  пайдасын тигізу, еліне қызмет ету. Сонымен қатар, кешегі балаң бозбаладан адал кәсіптен өзге де адамның ғұмырына қажетті  қасиеттерді  бойына  жинау  талап  етіледі.

Мұның  барлығы  қысқаша  «жігіт  сегіз  қырлы,  бір сырлы», «жігітке жеті өнер аз» деген сияқты тіркесті ұғымдармен айшықталған. Еркеліктен өтіп, естияр жастан асқан, бір әулеттің жүгін жауапкершілігіне алатындай әлеуетке жеткен жасқа енді жалпақ жұрт алдында қойылатын  сын-талаптар  да  көп.

Артындағыға  сын көзбен қарайтын аға ұрпақ жастарға тек тұғырлы талаптар қойып қана қоймай, сонымен бірге сол талаптардың үдесінен  шығатындай  тәлім-тәрбиесімен,  ғұмырлық тәжірибесімен де бөлісіп, желік қуған жігіттердің ел басына күн туған сәтте білегіне қылыш байлап, ат үстінде ту  ұстайтын  тегеурінді  азаматтар  болып  жетілуіне жауапкерлікпен қараған.

Әдетте, жігіттер жұрт алдында сан қырынан сыналады. Алдымен адал кәсіп, өнерпаздық, дене күшінің әлеуеті,  ептілігі  мен  балуандығы,  қажыр-қайраты жағынан сыналады. Енді осы жігіттік шаққа қатысты ұғымдар мен әдеттер һәм олардың мұсылманшылықпен ара-қатынасы жайына ойысайық.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.