«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде оқушыларды мектепке дайындауға бағытталған қайырымдылық акция өтті.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен ел мешіттерінде «Мектепке жол» акциясы жыл сайын өткізіліп келеді. Жылдағы үрдіс биыл да жалғасын тапты.
Аталған қайырымдылық акциясы аясында әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасылар мен толық емес құрамдағы отбасылардан шыққан 200 мектеп оқушысына оқу құралдарымен көмек көрсетілді.
Іс-шараға «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Руслан Байзақов пен ҚМДБ «Зекет» қоры елорда филиалының жауапты қызметкері Мерей Жақия арнайы қатысып, оқушыларды жаңа оқу жылының бастылуымен құттықтап, мешіт атынан оқу құралдарын табыстады.
Ағайынның бөлінбеген еншісін беріп, бүлдіршіндердің көңіліне қуаныш сыйлайтын акцияға ата-аналар дән ризашылығын білдіріп, мешіт ұжымына алғыс айтты.