Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Қаракөл ауылындағы «Мұхаммед пайғамбар» мешіті жанынан мұқтаж жандарға арналған көппәтерлі үйдің іргетасы қаланды. Іс-шараға Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің имамдары мен дін қызметкерлері, сондай-ақ ауыл тұрғындары мен мешіт жамағаты қатысты. Мешіт маңына киіз үй тігіліп, қазанда ас қайнады. Қуанышты күнде арқа-жарқа болған жамағат бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, игі іске барынша атсалысты. Облыс тарихында ойып тұрып орны қалар тарихи күн тұрғындардың мәңгі есінде қалары сөзсіз. Себебі іргесі қаланған ғимаратта алдағы уақытта көпбалалы отбасыларға, жалғызбасты аналарға, дипломмен ауылға келген жастарға, сондай-ақ мұқтаж жандарға пәтер беріледі. Игі іске қолдау көрсеткен барша жомарт жандарға Алла разы болсын!