Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бала үшін керемет сыйлық – әкесінің анасына деген махаббаты

0 545

Әйеліңізге тосын сый жасаңыз: оған өзі ұнатқан затын, әшекейін не киімін сыйлаңыз. Немесе жай ғана қызыл раушан гүлін сатып алып, ас үйдегі үстел үстіне немесе жатын бөлмедегі төсектің үсті не қоюға болады. Жұбайыңызбен бірге қайын атаңызға және қайын анаңызға сыйлық таңдап, сіздің әйеліңіз сынды керемет жанды тәрбиелегені үшін алғыс ретінде тарту етіңіз. Бұл – жақын адамыңызды қуантатын қарапайым жолдар. Сіз бұдан да көп тәсілдерді ойлап таба аласыз.

Бір данышпан былай депті: «Бала үшін ең керемет сыйлық – әкесінің анасына деген шынайы махаббаты». Расында, әйел затына деген көркем қарым-қатынас балалардың өз-өздеріне сенімді болуына әрі бақыт құшағында еркін өсуіне көмектеседі. Себебі ана – балаға ең жақын жан әрі ең алғашқы тәрбиешісі. Біз әйелдерімізге бақыт сыйласақ, олар бізге және балаларға жердегі жұмақтай керемет өмір сыйлайды.

материал «Отбасы өзіңнен басталады» кітабынан алынды,

 sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.