Егер бақылай алмай, тілімізді дер кезінде тартпасақ, ойымызға келген барлық нәрсені сыртқа шығарып жіберуіміз мүмкін. Бұл қарым-қатынасты жоюдың бірден-бір жолы. Неге адамдар жан жарына осыншама құрметсіздік пен немқұрайлық танытады? Неліктен сөздерді пышаққа айналдырып, жұбайының жан дүниесін аяусыз кескілейді? Әрине, бұл әрекеттің алуан түрлі себептері болады. Кейбір адамдар айтуға қорқатын мәселелерге тап болғанда, осындай тепкі көрсетеді. Кейбіреулер талқылағысы келмейтін тақырыптар ашылғанда жанындағы адамға аталмыш жағымсыз әрекеттерді жасайды. Мұндай жағдай шындықты мойындағысы келмеген кезде де орын алады. Әсіресе, қазіргі заманның аса өзімшіл, өз бетімен кеткен, ерке тумалары өмірлік серіктесіне эмпатия болмағандықтан аяусыздық көрсетеді. Себебі олар осындай қалпынан өзгермесе, бәрібір мұндай жауапсыздық некені тығырыққа тірейді. Себебі ойға келген бар затты айту – оған дейінгі барлық жақсылықты жермен-жексен қылады.
Ерлі-зайыптылар мәдени және сыпайы түрде мәселелерді талқылап, әңгімелесе білуі керек. Өз наразылықтарын айтып қана қоймай, жарының да сөзіне мұқият құлақ түріп, қажетті түйін ала білу де өте маңызды. Яғни сөйлеу мен тыңдаудың қатар жүретінін ұмытпағанымыз абзал. Тіпті тыңдай білу сөйлеуден әлдеқайда құнды қасиет болып табылады. Себебі жай ғана тыңдап, ешқандай әрекет жасалмаса да, кейбір мәселелерді шешуге болады. Ден қойып, мұқият тыңдайтын болсақ, жарымыз қамқорлығымызды және оның бізге деген маңызын сезетін болады. Осылай істейтін жұбай, жан жары мен некесіне қатысты мәселелерде одан да жағымды бір көзқарасқа ие болады.
материал «Бақытқа барлығы лайық» кітабынан алынды,
sunna.kz