Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Түркістан: Әйел ұстаздарға ҚМДБ құжаттары таныстырылды

0 436

ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы Түркістан облысына арнайы жұмыс сапарымен барды.

Сектор меңгерушісі сапар аясында облыстағы жауапты мамандармен және әйел ұстаздармен жүздесіп, ҚМДБ бекіткен құжаттар бойынша семинар өткізді.

Атап айтар болсақ, «ҚМДБ әйел ұстаздарының этикасы», «Әйелдің қоғамда және отбасындағы орны» туралы кеңінен ақпарат берілді.

«Қоғам мен отбасы тепе-теңдігін алып жүру – әйел ұстаздың міндеті. Хадиша (р.а) анамыз ешнәрсе айтпай бар байлығын дінді жетілдіру жолында жұмсады. Айтылмаған сөздің өзі – парасаттылық.

«Қызмет те – Алланың берген аманаты, ал аманатты ұстау үшін білімді болу қажет. Өйткені білімдінің сөзі адамға шипа болатыны белгілі. Дінді ұстаған адам алдымен білімді әрі сабырлы болуы керек, сондай-ақ аят және хадистерге жүрекпен амал етуге тиіс» деді Динара Құтқожақызы.

Айта кетейік, сектор меңгерушісінің Түркістан облысына екі күндік жұмыс сапары Сарыағаш, Сайрам аудандарында жалғасын табады.

Бұдан кейін сектор меңгерушісі Кентау қаласындағы ғимараты жаңадан бой көтерген «Бала би қари» қарилар даярлау орталығының қыздар бөлімінде болып, медресенің оқу бағдарламасымен танысты. Қазақстанның түрлі өңірлерінен келіп ілім алып жатқан қари қыздармен кездесіп, медресенің тыныс-тіршілігіне назар аударды.

Бүгінде мешіттерде қари ұстаздарымызға сұраныстың артқанын айта отырып, әр мешіттің қасынан ашылған діни сауат ашу курстарында қари ұстаздардың да болуына жағдай қарастырылып жатқанын атап өтті. Сондай-ақ Динара Құтқожақызы қари қыздарға жағдай жасап отырған медресе директоры  Арман Қуанышбаев ұстазға  өз ризашылығын білдірді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.