Ей, ұлым! Енді сен жасауың керек болған төрт нәрсе жайлы: Біріншісі – сенің Аллаға деген ықылысың құлыңның (метафора) саған деген ықыласындай болсын. Алла – сенің Иең, сен Оның құлы екеніңді ұмытпа.
Екіншісі – адамдар саған қандай қатынаста болуын қаласаң, сен де адамдармен сондай қатынаста бол.
Үшіншісі – егер сен ғылыммен шұғылдансаң, сол ғылым сенің жаныңды, жүрегіңді тазартатын, ізгі жолға бастайтын болсын. Егер бір апта өмірің қалғанын сезінсең, сен жаның мен жүрегіңді тыңдайсың, мына дүниенің қызықтарын қойып, Аллаға жағатын істерді істеп, Аллаға жан-тәніңмен құлшылық ете бастайсың. Сен ұмытпа: әрбір күн мен әрбір түн – соңғы күнің мен соңғы түнің болуы мүмкін.
Ей, ұлым! Менің соңғы сөзімді тыңда және сол сөзім сені құтқаратынын ұмытпа. Егер бір аптадан соң сенің үйіңе сұлтан келеді деп хабарласа, білемін – сен қалған уақытты сол сұлтанның көзі түсуі мүмкін болған нәрселерді жөндеуге жұмсайсың. Олар – сенің киімің, сырт көрінісің, үйің, жиһаздарың болуы мүмкін. Ал енді менің нені меңзеп отырғаным жайлы ойлан. Сен ақылды жансың, зерек адам үшін бір ауыз сөз жеткілікті…
материал Имам Ғазалидің «Ей, ұлым!» кітабынан алынды,
sunna.kz