«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде жамағатқа әдеттегідей бейсенбілік дастархан жайылып, ауызашар берілді. Берекелі дастарханға арнайы қонақ ретінде шақырылған ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы жамағатқа насихат айтты.
Исламтанушы-ғалым мешіт жамағатымен жүздесуде Мәуліт айының Исламдағы орны мен маңызы, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өнегелі өмір тарихынан мысалдар мен Алла Елшісінің (с.ғ.с) ұстанған әдептері мен сүннеті сынды тақырыптарда уағыз айтып, қойылған сауалдарға жауап берді.
Өз кезегінде мешіт жамағаты мен мешіт ұжымы тәжірибелі дін ғалымының уағыз-насихатынан ерекше әсер алып, ұстазға алғысын білдірді.
sunna.kz