Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Пайғамбардың (с.ғ.с) тура сөзділігі (шыншылдығы)

0 632

Сыдық, яғни, тура сөзді болу – пайғамбарларда болуға тиісті ерекшелік. Пағамбарлар тура сөзді болады. Немесе басқаша айтсақ, асылында тура сөзді болмаған пайғамбар бола алмайды.Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзінің пайғамбарлығын жариялаған кезінде, қарсы шыққандар Оны сиқыршы, ақын, сәуегей дегендерімен, бірақ ешқайсысы да Оны «өтірікші» деп айта алмаған еді. Өйткені, Оның турашылдығы (шыншылдығы) мүшрік, кәпір және мұсылмандар тарапынан талас тудырмайтын шындық еді. Осыған байланысты Ол «әл-Әмин» (сенімді) деген атқа ие болған. Тіпті, Исламның және Пайғамбарымыздың басты жауы болған Әбу Жәһилдің баспа үйі өзі былай деген: «Мұхаммед! Мен сені «өтірікші» – демеймін!».

Және де осыған орай мына аят түскен еді: «Олардың айтқан сөздері сені ренжітетінін білеміз. Әйтседе, олар сені «өтірікшісің» демейді. бірақ, залымдар Алланың аяттарын Алла Расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өз қауымын мұсылмандыққа шақыру міндетін мойнына алған кезінде: «Әй, Құрайыш! Сендерге «мына таудың ар жағында жаудың атты әскерлері келе жатыр десем, маған сенесіңдер ме?» – деп сұрайды.

Сол жердегілердің барлығы да бірауыздан: «Барлығымыз сенеміз. Өйткені, сен өміріңде өтірік сөйлеген жан емессің»,- деп жауап қатты. Пайғамбарымызды (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тілі мен жағына сүйеніп әбден қорлаған мүшрік Надр бин Харис пұтқа табынушыларға былай деген еді: «Мұхаммед іштеріңдегі бізге ұнаған жастардың бірі еді. Ол сендердің ең тура сөзділерің мен ең сенімділерің еді».

Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) тек өз қауымының ғана емес, Хазіреті Әлидің (радиаллаһу анһу) айтқанындай, бүкіл адамзаттың ең шыншылы еді.

материал «Пайғамбарымыз (с.ғ.с) және Оның күнделікті іс-әрекеттері» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.