Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ Төрағасы 576-пәтер кілтін табыстады

0 198

Адамзаттың ардақтысы Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) пайғамбар дүниеге келген Мәуліт айының құрметіне орай Астана төрінде өткен «Үмметін сүйген Мұхаммед» рухани-қайырымдылық кешінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Ел үлесі – пәтерге» жобасының 576-пәтер кілтін салтанатты түрде табыс етті.

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Астана өкілдігі мен «Асаруме» қоғамдық қорының бірлесе ұйымдастырған қайырымдылық көмегі Астана қаласының тұрғыны Төлепберген Қабылдин есімді азаматқа бұйырды.

Тағдырдың небір сынағына тап болса да, жеті бірдей баласын жалғыз өзі тәрбиелеп-өсіріп отырған Төлепберген Қабылдинге Бас мүфти ізгі тілегін білдіріп, баспаналы болуымен құттықтады.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.