Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Әйел-қыздар секторының аймақтағы өкілдерін марапаттады

0 293

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы ІІ республикалық мұсылман әйелдерінің «Әсем киім – әйел ажары» сән киім байқауына қатысып, мүфтият жанындағы Әйел-қыздар секторының аймақтағы өкілдерін алғыс хатпен марапаттап, игі тілегін білдірді.

«Халқымыз: «Отан – отбасыдан басталады» деген. Кез келген қоғамның маңызды институттарының бірі – отбасы. Аллаға шүкір, бүгінде Діни басқарма қоғамға отбасы құндылығын насихаттау бойынша көптеген іс-шараларды жүзеге асырып келеді. Бұл бағытта сіздердің еңбектеріңіз ерекше. Алла разы болсын» деді Бас мүфти.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.