Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Наиб мүфти имамдармен және шәкірттермен жүздесті

0 245

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы Алматы облысының Қарасай ауданына арнайы жұмыс сапарымен барды.

Наиб мүфти аудан имамдарымен кездесіп, сұхбат құрды. Ұлт руханияты жолындағы қасиетті қызметті абыроймен атқаруымыз үшін Иман мен Исламның қорытындысы болатын Ихсанды ұстануымыз маңызды деді.

«Исламды ұстанған екенбіз қарапайымдылықты, кішіпейілділікті, биязылықты ұстану – басты міндетіміз. Кішіпейіл болған сайын дәрежеңіз көтеріле береді, тәкәппарланған сайын дәрежеңіз түсе береді. Имамдық қызметте Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үлгі тұтайық, ол үшін біздің жүріс-тұрысымыз, киім киісіміз, мәмілеміз көркем мінез бен әдептілікке құрылуы өте маңызды. Әрбір жасаған амалымыз ақыл-парасат пен даналықтың негізінде болуы қажет. Біз осылай жасасақ, хақ исламға қосқан үлесіміз сол болмақ. Алла абыроймен атқаруды нәсіп етсін» деді Кенжәлі Қоңыратбайұлы.

Сондай-ақ ол еңбек жолындағы тәжірибиесін бөлісе келе имамдарға қатысты маңызды әдептерді атап өтті. Кездесу соңында имамдардың көкейіндегі сұрақтарына жауап беріп, ұсыныс, тілектерін тыңдады.

Бұдан бөлек Кенжеәлі Қоңыратбайұлы «Үшқоңыр» медресе-колледжінің тыныс-тіршілігімен танысып, ұстаздармен және шәкірттермен кездесті. Арнайы сапармен келген наиб мүфтиді Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы және медресе директоры Абзал Майлыбайұлы қарсы алып, білім ордасының тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Кездесу аясында Кенжеәлі Қоңыратбайұлы медресенің ерлер және қыздар бөлімінде тәлім алатын шәкірттерге ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, білім алудың артықшылығы жайлы насихат айтты. Шәкірттермен өткен іс-шарадан кейін ұстаздар қауымымен кездескен наиб мүфти, оларға өз дәрістері барысында асыл дініміз бен ата-бабамыздың салт-дәстүрін сабақтастыру арқылы жас буынның ұлттық дүниетанымын қалыптастырудың маңыздылығын айтып өтті.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.