Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Жұмаққа түрегеп кіргім келеді»

0 261

Әнәс (р.а.) әңгімелеуде: “Бірде Мәдинаның көшелерін басына көтерген әлдебір у-шудан төңірек көшкендей азан-қазан болды.“Бұл не шу?” – деп, сұраған Айша (р.анһа) анамызға төңіректегілер: “Абдураxман ибн Ауфтың Шамнан келген сауда керуені ғой, – деп жауап береді. Керуенде жүк тиеген жүз түйе бар еді.

Айша анамыз (р.анһа) сол кезде: “Мен Пайғамбарымыздың “Абдураxман ибн Ауфтың жәннатқа еңбектеп кіріп бара жатқанын көрдім” дегенін естіген едім”, – дейді.
Бұл сөз Абдураxман ибн Ауфқа (р.а.) жеткенде: “Шамам жетсе, еңбектеп емес, екі аяғыммен адымдап кіргім келеді” – деді де, сауаптарын арттыра түсу ниетімен әлгі керуенді жүктерімен қоса Алла жолына атады.

материал «Тағылым тамшылары» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.