Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти университет ауласында құрбан шалды

0 451

Алматы қаласына іссапармен барған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Нұр-Мүбарак университеті ауласында салынып жатқан жаңа оқу ғимаратының берекелі болуы үшін құрбан шалып, дұға қылды.

ҚМДБ Төрағасы құрбан шалу рәсімінде: «Нұр-Мүбарак университеті – дін қызметкерлерін дайындап келе жатқан еліміздегі жалғыз оқу орны. Бүгінде университет түлектері еліміздің әр саласында абыройлы қызмет етіп жатыр. Оқу орнының 4 қабатты оқу ғимараты 800 студентке арнап салынған болатын. Ал бүгінде мұнда 1700 студент білім алуда. Сондықтан алдымызда жаңа оқу ғимаратын салу міндеті тұр» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти құрбан шалып, салынып жатқан оқу ғимаратының ойдағыдай аяқталуы үшін дұға тіледі. «Уа, Алла Тағала! Оқу ордасы құрылысының ойдағыдай аяқталып, осы университеттен асыл дінімізге қызмет ететін шәкірттердің көптеп шығуын нәсіп еткейсің! Әмин!» деді ҚМДБ Төрағасы.

Айта кетейік, құрбан шалу рәсіміне Нұр-Мүбарак университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы, Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан, сондай-ақ ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшелері қатысты.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.