Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Күйеу жігіт пен қалыңдыққа тыйым салынған нәрселер

0 515

Күйеу жігіт пен қалыңдыққа бір-бірімен оңаша қалуға, жақындасуға немесе төсек қатынасына түсуге рұқсат жоқ. Некеге тұрмай, тек құда түсу оған жоғарыдағы құқықтардың бірін де орындауға жол бермейді.

Қалыңдық немесе күйеу тарапынан құдалық бұзылса немесе қандай да бір себеппен неке жүзеге аспаса, жоғарыдағы нәрселердің бірін жасап, одан соң құдалық бұзылса, бұл қалыңдықтың абыройын төгеді, келешекте тұрмысқа шығуына кедергі келтіреді және отбасына да жайсыздық тудырады.

Атастырғаннан кейін әйел жүкті болса немесе босанса, араларында заңды некенің жоқтығына байланысты ол бала әкесіне телінбейді. Ал, бұның зияны дүниеге келген ұл немесе қыз нәрестеге тиеді. Неке байланбай, тек құда түсу баланың тегін анықтамайды, сондықтан әйелмен оңаша қалуға, сүйісуге және осыдан туындаған басқа әрекеттерге тыйым салынады.

“Отбасы ғылымхалы” кітабынан

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.