Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мешітте алаш тақырыбында семинар өтті

0 383

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде бас имам Руслан Байзақовтың ұйымдастыруымен дін қызметкерлеріне Алаш қайраткерлерінің өмір өнегесін насихаттау мақсатында семинар өтті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы діни кадрлардың ұлттық руханиятты қанық білуі керектігін айтып, ел медреселеріне «Алаштану» пәні кіргізілетінін жеткізген болатын.

Осы бастама аясында басталған семинар «Алаш қайраткерлерінің бірлігі» деген атпен өтті.

Семинарға Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов және қала мешіттерінің бас имамдары, наиб имамдар мен ұстаздарынан өкілдер қатысты.

Семинар спикері журналист, абайтану, ұлттық дүниетаным тақырыбын зерделеп жүрген Оразбек Сапархан «Алаш қайраткерлерінің бірлігі: қалыптасу себептері мен алғышарттары, формасы мен мазмұны» атты дәріс оқыды.

Ашылу сөзін сөйлеген Астана қаласының бас имамы Е.Жүсіпов алаштану ғылымының, олардың өнегесінің бүгінгі діни қызметкерлер мен қоғам үшін маңыздылығына тоқталып, ұйымдастырылып жатқан іс-шараға ризашылығын жеткізді.

О.Сапарханұлы Алаш қайраткерлерінің қайраткерлік тұлғасы мен өзара береке-бірлігінің қалыптасу себептері, алғышарттары, қозғалыстың ояну эвалюциясы, Алаш Орданың жоғарғы саяси элитасы арасындағы бірліктің формасы мен мазмұнын тарихи оқиғалармен, нақты фактілермен баяндап берді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.