Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Жазушының жаңа кітабы жарық көрді

17 ақп 2023 914 рет оқылды
Жазушының жаңа кітабы жарық көрді

Павлодар облыстық С.Торайғыров атындағы орталық ғылыми-әмбебап кітапханасында Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Діни басқармаға қарасты «Mazhab.kz» ислами-ағартушылық порталының редакторы Амантай Тойшыбайұлының «Адам бол» кітабының танытымы өтті.

Шараға қаладағы ақын-жазушылар, зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар, студент жастар және «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінің шәкірттері қатысты.

Алдымен облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің наиб имамы Қанат Қабаев, жазушы Серік Сатыбалдинов, ғалым, профессор Бекен Сағындықұлы, ақын-жазушы Айбек Оралханов, ардагер кітапханашы Назым Шайкенова Амантай Тойшыбайұлының шығармашылығы жайлы пікірлерін білдіріп, табыс тіледі. Елімізге танымал батагөй ақсақал Балтабай Сыздықов пен «Ақсақалдар тағлымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ермек Жұматов жазушыға  зор табыс тілеп, алқалы бата беріп, «Адам бол» кітабына жолашар жасады.

«Адам бол» кітабында автор шағын, ойлы жазбалар стилін таңдаған. Кітап мазмұны адам баласының өмір сүрудегі, іс-әрекет етудегі мәні мен мазмұны не деген сұраққа жауап іздеп, қысқа-нұсқа талдайды.

Жаңа кітап «Жай ғана қарапайым бол!», «Әр таңды  қуанышпен қарсы ал!», «Өміріңнің бірде-бір  күніне өкінбе!», «Үнемі риза болып өмір сүр!», «Жақсы адам бол!», «Жарықтан жарыққа қарай жүр!», «Күн сайын жаңа өмір баста!», «Әр күн ғажайып!», «Өмір бұл мүмкіндік!» және қорытынды тараулардан тұрады.

#Амантай Тойшыбайұлы