Сенбі, 13 маусым 2026 ж. 27 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:55
Ақшам 20:35
Құптан 22:22
Жаңалықтар

Бас мүфти Ирандағы қазақ мешітінде насихат айтты

17 ақп 2023 639 рет оқылды
Бас мүфти Ирандағы қазақ мешітінде насихат айтты
Бас мүфти Горган қаласының Қазақ аудандағы қандастар қоныс тепкен «Имам Ағзам Әбу Ханифа» мешітінде болып, ирандық қазақтарға уағыз-насихат айтты. Наурызбай қажы Тағанұлы Иран қазақтарына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атқарып жатқан жұмыстар жайлы ақпарат беріп, Ихсан ілімі, ізгілік, бауырмалдық жайында уағыз айтты. Бас мүфти сондай-ақ Қазақстанға оралған қандастардың, соның ішінде ирандық қазақтардың да мүфтият мешіттерінде абыройлы қызмет етіп жатқанын атап өтті. Жүздесу соңында ҚМДБ Төрағасы «Имам Ағзам Әбу Ханифа» мешітіне кәдесыйлар мен «Мүфтият» баспасынан жарық көрген жаңа кітаптарды сыйға тартты.