Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Діни басқармаға қарасты 9 медресенің кітаптары тексерілді

0 452

ҚМДБ Діни сараптама бөлімінің Астана, Алматы, Шымкент және облыстардағы өкілдері еліміздегі 9 медресе-колледж кітапханалары мен оқу залдарындағы діни әдебиеттерге тексеру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – медреселерде тәлім алып жатқан шәкірттерге мазмұны дұрыс, бағыты айқын кітаптарды жеткізу.

«Астана», «Әбу Ханифа», «Шымкент», «Ақтөбе», «Сарыағаш», «Үшқоңыр», «Орал», «Һибатулла Тарази» және «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледждерінде екі күнге созылған сараптама жұмыстары нәтижесінде 48 221 діни әдебиет тексерілді.

Діни сараптама бөлімінің меңгерушісі Нұрлан Қайырбековтың айтуынша, мұндай тексеру жұмыстары әр тоқсан сайын өткізіліп тұрады.

«Еліміздегі діни білім орындарында оқу бағдарламасына сай оқытылатын кітап қоры жыл санап ұлғайып келеді. Біздің міндетіміз – мемлекеттің тұтастығына кірбің түсіретін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанымына қайшы келетін діни еңбектердің осындай оқу ошақтарында таралуына жол бермеу. Осы мақсатта ҚМДБ-ға қарасты оқу орындары мен медреселердегі кітаптарды тексерістен өткіздік» деп атап өтті бөлім меңгерушісі.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.