Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ жанындағы Сарапшылар кеңесінің IV мәжілісі өтті

0 404

Алматы қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Сарапшылар кеңесінің IV мәжілісі өтті.

Жиынды ашқан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: “Өздеріңіз жақсы білесіздер, жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу аса маңызды екенін, өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесін назардан тыс қалдыруға болмайтынын ерекше атап өтті. Аллаға шүкір, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы дәстүрлі исламды насихаттауда, жастарды ізгілікке тәрбиелеуде өнімді еңбек етіп келеді. Сіздер де ортақ іске атсалысып, белсенділік танытып келесіздер. Алла разы болсын! Ендігі мақсат – жыл басында жоспарланған жұмыстарымызды жүйелі түрде жүзеге асыру” деді.

Мәжіліс жұмысында ҚМДБ-ның рухани, діни, ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы рөлі, ҚМДБ-ның 2023-2027 жылдарға арналған стратегиялық даму бағдарламасы, Республикалық және жергілікті ақпараттық-насихат тобы мүшелеріне арналған құжаттардың жобалары талқыланды. Сонымен қатар дін атын жамылып, қоғамда дінге қатысты түсінбеушілік тудырып жүрген жат діни ағымдардың әрекетіне тосқауыл қою, жастарды олардың идеологиясынан сақтандыру, қоғамда дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу т.б. мәселелер талқыланды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.