«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде биылғы Рамазан айына дайындық жұмыстары жалғасуда.
Дайындық семинарлары өтіп, уағыз-насихат жанданып, шаруашылық бөліміне қарасты жұмыстар пысықталумен қатар ұйымдастыру бағытында да бірқатар шаралар атқарылуда.
Бүгін бас имам Руслан Байзақовтың бастамасымен еріктілер тобы құрылып, топтың алғашқы отырысы өтті.
Рамазан – мешіт жұмыстарының ең қауырт айы. Күнделікті тарауих намазы, ауызашар дастарханы сынды ауқымды іс-шаралар кезінде тәртіп, тазалық, ұйымдастыру жұмыстары үшін қосымша еңбек күші қажет. Осы қажеттілікті қамтамасыз ету мақсатында құрылған еріктілер тобы ай бойы мешіт жұмыстарына қолұшын беретін болады.