Жексенбі, 14 маусым 2026 ж. 28 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Күн 03:54
Бесін 12:20
Екінті 17:56
Ақшам 20:36
Құптан 22:23
Жаңалықтар

Жыл бойы еңбек адамдарына құрмет көрсетіліп келеді

20 нау 2023 766 рет оқылды
Жыл бойы еңбек адамдарына құрмет көрсетіліп келеді

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Руслан Байзақовтың бастамасымен ісі елеулі еңбек адамдарына құрмет көрсету жыл бойы жалғасып келеді.

Былтыр Рамазан айында басталған игі шара аясында біраз жұмыстар атқарылды. Айталық, ұзақ жылдар бойы тазалықшы болып қызмет атқарып келген Ұмсын Тұрбашова, мешіттің әртүрлі шаруашылық жұмыстарына бір кісідей атсалысқан Жапарбеков Нурхалым, ұзақ жылдар бойы тазалықшы қызметін қалтқысыз атқарып келе жатқан Аязби Хасенов сынды 3 азаматқа ұмра қажылығына жолдама берілді.

Ай басында ғана, елорда мешіттерінің тазалықшыларына арналған алғыс айту шарасы өтті.

Мешітімізде басталған бұл игі бастама әлі де өз жалғасын табатын болады.