«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітімізде де Хатым дұғасы жасалды.
Бүгінде ел мешіттерінде Рамазан айында Тарауық намазында Құран Хатым оқу үрдісі қалыптасқан.
Бұл – екі дүниенің сұлтаны, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын!) рухани өнегесі.
Бүгін қасиетті Қадір түніндегі Тарауық намазында Құран Кәрімнің соңғы сүрелері оқылып, мешітке жамағатпен бірге Хатым дұғасы жасалды.
Бас имам Руслан Байзақов жиналған жамағатқа Қадір түнінің қасиеті жөнінде тағылымды уағыз айтты. Хатым дұғасын оқып, еліміздің амандығы, халқымыздың тыныштығы мен бақ-берекесіне тілек тіледі. Ағайынға тақуалық пен екі дүниенің бақытын, Отанымыздың егемендігінің баяндылығы үшін де дұға жасады.
Қасиетті түнді қарсы алуға келген Елорда тұрғындары қариларға деген ризашылығын білдіріп, ақсақалдар ақ батасын берді.