Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қариларға алғыс айтты

0 332

Бүгін қасиетті Қадір түніндегі Тарауық намазының соңынан Хатым дұғасы жасалған соң қариларға құрмет көрсетілді.

Мешітімізде жылдағы үрдіс бойынша, Рамазан айының басынан бері күнделікті Тарауық намаздарында қари Рамазан Даулетұлы мен «Көктөбе» қарилар орталығының түлегі, Халықаралық Құран жарыстарының жүлдегері, Қайырбай  қари Дәукенұлы Құран хатым оқып келген болатын.

Бас имам Руслан Байзақов жамағат  пен мешіт ұжымы атынан қарилардың еңбегіне ризашылығын жеткізіп,  арнайы алғыс хат табыстады.

Сонымен қатар, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы қариларға ақ батасын берді. 

Қасиетті түнді қарсы алуға келген Елорда тұрғындары да қариларға деген ризашылығын білдірді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.