Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Айт намазы оқылды

0 279

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде мыңдаған елордалық жамағаттың қатысуымен екі бас айт намазы оқылды.

Бас имамы Руслан Байзақов Алла үйіне жиналған жамағатты Құрбан айт мерекесімен құттықтап, мерекенің мән-маңызы, дініміздегі орыны жайлы танымдық уағыз айтты.

Намаздан кейін Айт хұтпасы оқылып, мешіт ақсақалдары Жаратушы Алладан еліміз бен жерімізге амандық, тыныштық тілеп, дұға жасады.

Дұға жасалып болғаннан соң, мешітке жиналған мұсылмандар бір-бірін Құрбан айт мейрамымен құттықтап, мерекелік шаттыққа бөленді.

Айт намазы оқылып болған соң, ниет білдірген қауым арнаулы белгіленген орындарда құрбандық шалуға бет алды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.