Миллиардер әрі Apple компаниясының бас директоры қазақстандық жігітке жаңа iPhone телефонын өзі сыйға тартты.
Apple компаниясының бас директоры Тим Кук жаңа iPhone 15 телефонын ақтаулық жас жігіт Ақан Асылбекұлына өзі сыйға тартты. Бұл туралы қазақстандық жігіт өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
Смартфон иесінің айтуынша, бұл уақиға Нью-Йорк қаласында болған. Ол қалада 22 қыркүйекте жаңа iPhone сатылымы басталған еді. Сол күні миллиардер компания дүкендерінің бірінің ашылуына келіп, тұтынушылармен сөйлесіп, олармен селфиге түсті.
Қазақстандыққа алғашқылардың бірі болып Тим Кук жаңа гаджет сыйлады. Сонымен қатар, ол қаптамаға өз қолын қойды.
“09/22/23 8:00 AM. Мен үшін бұл тарихи күн! Себебі CEO of Apple Tim Cookпен кездесіп, өз қолтаңбасымен су жаңа iPhone15 Pro Maxты өз қолымен алғашқылардың қатарынан маған табыстады” деп жазады ол өзінің инстаграм парақшасында.
Фото: © instagram/akan_assylbekuly