Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Балаларға арналған қайырымдылық шарасы

0 193

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған №3 арнайы мектебінің оқушыларына қайырымдылық жасады.

Бүгінде мешіт жанында өтетін қайырымдылық шараларының түрі көп. Солардың бірі мәуліт мерекесіне орай,  арнайы мектептің оқушыларына тегін шаштараз қызметін көрсету шарасы болды.

Бүлшіршіндерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлау мақсатында шаштараз шәкірттердің көмегімен 56 оқушыға өз қалаулары бойынша шаш үлгісін жасап берді. Аз да болса, көрсетілген қамқорлыққа балалар ерекше қуанды.

Ал, мектеп ұжымы мешіт қызметкерлері мен арнайы мамандарға алғыс білдірді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.