Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас имам өзіне берілген қажылық жолдамасын мешіт тазалықшысына ұсынды

0 717

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы өзіне берілген кіші қажылық жолдамасын мешіт тазалықшысына тарту етті.

Мешіт жамағаты ала жаздай құлшылық ордасында жүргізілген кеңейту, қайта жөндеу, әрлеу жұмыстарына ризашылығын білдіріп, күрделі жұмысқа бастамашы болған бас имам Руслан Байзақовқа ұмра қажылыққа жолдама тарту етті.

Бас имам қасиетті жұма күні өзіне тарту етілген сыйлықта қабыл алып, жамағатқа ризашылығын білдіре отырып, кіші қажылық жолдамасын мешіт тазалықшысына ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, Руслан Байзақов бас имам болып тағайындалғаннан кейін мешіт тазалықшыларын кезек-кезегімен, демеуші азаматтардың қолдауымен кіші қажылыққа жіберген болатын. Бүгін жолдама сыйлаған қызметкер бұрын кіші қажылыққа бармаған еді. Оның да сәті түсіп, Алла нәсіп айлады.

Бұл игі іске себеп болған әрбір ағайынға азаматтық алғыс білдіреміз.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.