Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ғ.Мүсіреов: Қазақ әйелін “жан жолдасым” дейді.

0 1  024

Қазақ әдебиетінде ана тақырыбын дендетіп жазған жазушы Ғабит Мүсіреповтың қанатты сөздерін назарларыңызға ұсынамыз.

Біз әйелді әйел сыңайынан таныған елміз.

 

Үлкен орын кiшкентай адамдарды кiшiрейтiп жiбередi, үлкен адамды үлкейте түседi.

 

Әйел асқақтаса – жылайды, еркек асқақтаса – құлайды.

 

Әркезде қоғам тiршiлiгi өнiмсiздiкке ұшырап, iштей жұтай бастағанда заман әуенiне қарай не дiнге, не саясатқа қамшы басады.

 

Әйелдің ақылы – көркінде, еркектің көркі – ақылында.

 

Біз жарты ғасыр бойында бастық не айтса, соны мақұлдап келеміз. Осының өзі ойлану-ойлау дегенді өсіру орнына өшіре бермес пе екен? Әй, солай ететін болар…

 

Әйел ашуланса – жеңіледі, еркелесе – жеңеді.

 

Есті сөзді естігісі келмеген адам – саңырауға тең.

 

Әйелдің естілігі жеңсе, сұлулығы да арта түседі.

 

Шала білім, шалағай мәдениет бір құлатпай қоймайды.

 

Қазақ қызы ұзатылғанша негізінде екі-ақ түрлі жұмыс істейді: көлден су әкеледі, шай құяды. Жұмыстың басқа түріне қайын ененің қолында жаттығады.

 

Әйел қырыққа келгенше өңін бермесе – қасиет,

Еркек қырыққа келгенше есі кірмесе – қасірет.

 

Ойсыз сөзде көркемдік те жоқ.

 

Көркем сөз – жанның сәулесі.

 

Ана алдында өлім де мойын ұсынады.

 

Әдебиет пен өнер ұлы болмаған жерде – ұлт та ұлы бола алмайды.

 

Тіл жеткізбесті ән жеткізері де бар.

 

Әке-шешенің өтірігі бала жүрегін суындыра береді. Бір кезде ол өтірікті бала да айтады.

 

Қорқақтық, ездік, аяншақтық, көнбістік — құлдықтың ең жаман түрі.

 

Әйелің серігім деуге жарамаса, тек қана балаларың болғандықтан жардың орнында болғысы келсе – бұдан артық қасірет қайсы.

 

Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады.

 

Қазақ әйелін “жан жолдасым” дейді. Бұл үлкен сөз ғой. Жаны мен жаны үндес, ойы, арманы үйлес, егіз адамбыз дегені ғой.

 

Дүниеде әйелдің көзінен артық қызықтыра алатын, әйелдің көзінен артық сиқырлап тартып кете алатын күш жоқ қой деймін. Байлық, бақ, мансап, тіпті қоғамдық дәреже дегендердің бірде-бірінде ондай күш жоқ. Бәрі бірге қосақталып келіп мойныма асыла кетсе, мен бәрін сілкіп тастап, оқтай қадалған әйел көзіне қарай жүре берер едім.

 

Ана сұлулығы жүзіндегі мейірімінен көрінеді.

 

Патшалар өлер, басқалар өлер – сұлулық өлмес, мейірім өлмес, әдеп өлмес.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.