Рамазан айының кіруімен, ел мешіттерінде тарауық намазы басталды.
Елордадағы тарихи құлшылық ордасы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде 2024 жылдың алғашқы тарауық намазы оқылып, Құран хатым басталды.
Бас имам Руслан Байзақов жамағатты Рамазан айының келуімен құттықтап, қасиетті айдың мән-маңызына, осы айда атқарылар айырықша құлшылықтарға тоқталды. Жиналған елордалық ағайынды биылғы жылғы Рамазан айына орай мешітте өтетін іс-шаралар легімен, жаңа уақыт бойынша сәресі және ауызашар уақытының ауыс-күйісі, тарауық намазының уақыты, рамазанда көңіл бөлетін істер сияқты маңызды мәселелерді құлағдар етті.
Тарауық намазына жиналған жұртты арнаулы бағыттарға қатынайтын автобустар үйлеріне жеткізіп салды.