Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ақсақалдар Құран Хатым жасап, елге амандық тіледі

0 108

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде ақсақал шәкірттер тобы қасиетті Рамазан айына орай Құран хатым түсірді.

Қасиетті айда атқарылар сүннет амалдардың бірі – Алланың кәләмі – Құран Кәрімді бастан аяқ оқып шығу. Мұны хатым ету деп атайды.

Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани»  мешітінде ел мешіттеріндегідей Рамазан айында тарауық намазында Құран Хатым жасау үрдісі қалыптасқан. Сонымен бірге, мешіт жанындағы сауат ашу курсының шәкірттері де топ-топқа бөлініп Құран Хатым жасау да жылда атқаратын дәстүрлі рухани шара.

Мешіт ұстаздарының жетекшілігімен қасиетті Құранды толық оқып болған қариялар бас имам Руслан Базақовпен бірге «Бір мезетте бір дұға» шарасы аясында хатым дұғасын жасады. Ақсақалдар ел мен жұрттың амандығы, тәуелсіздіктің баяндылығы, табиғи апаттан зардап шеккен, тасқын су басқан өңірдегі ағайындарымыз үшін тілек тіледі.

Ақсақалдардың жастарға үлгі болып, рухани шарада белсенділік танытқаны үшін мешіт ұжымы арнайы алғыс хат табыстап, қарттарға құрмет көрсетті.

Ақсақалдар Рамазан ай бойы хатым өткеруге ұстаздық жасап келе жатқан имамдар мен ұстаздарға ақ батасын беріп, ризалықтарын білдірді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.