Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мәшһүр Жүсіп: Жебірейіл хадисі туралы

0 814

Көріп тұрғандай құлышық қылуың, Сен көріп тұрмасаң да, Алла сені көріп тұрады деп әлгі кісі тағы айтты.

– Қиямет қашан болады? деп, Расул Алла жауап берді.

–Сен қияметтің қашан келетінін білмегенің сықылды қашан болатынын, қай күні келетінін мен де білмеймін! – деп әлгі кісі тағы айтты.

– Ендеше, қияметтің ғаламатларының белгілері не нәрсе? – деп, Расул Алла жауап берді:

–Күңнен туғандардың басшы болуы, үйлерді ұзын–ұзын салуы, қой бағып, жалаң аяқ, жалаң бас жыртық киімдердің адамдардың жүруі – мұның мәнісі – орынсыз, лайықсыз кісілерден басшы, ұлықтар болуы – мешел аяқ-бас, бас-аяқ болса, һәм Алланың нығыметінің шүкіранасын білмейтін һәм…. нығыметінің ашырын көрсе.. дүниеқоңыз адамдар болса, халыққа аяқ баспай, бір пақыр міскіндерге бермек түгіл, өздері ішіп-жеп, кимейтін адамдарға заһар болса, қиямет белгісі болады, – деп, осы жауаптың әрқайсысына әлгі кісі:

– Рас айтасың, ей, Мұхаммед! -деп… айтып қалды.

Сонда Расул Алла сахабаларына айтты:

–Сіздер бұл кісіні білесіздер ме? -деп, сахабалар:

–Алла һәм Алланың расулы біледі, – деп жауап қайырды. Русул Алла айтты:

–Бұл – Жебірейіл періште сіздерге дін піріңізді үйрету үшін келген, – деп жауап берді.

Иман ислам негізі – осы жолмен болуын хазірет Ғұмардан рауаят қылынған – осы хадис еш шүбәсіз ашық баян қылған. Алла тағала әрқайсыларымызды тағат ғибадатына муафиқ айлап, ақыр ғұмырымыз иман сағатымен сағаттанып, бұл дүниеден өтуді несіп қылсын! Әмин!

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының 20 томдық шығармалар жинағынан.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.