Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Сен не бітірдің оларды жамандап, айыптайтындай?

Сен не бітірдің оларды жамандап, айыптайтындай?

0 46

Бірде Халид ибн Уәлид пен Абдурахман ибн Ауфтың арасында сөзге келіспеушілік шығып қалады.

 

Сонда Халид Абдурахманға:

– Бізден бұрын келгендеріңді бетімізге баса бересіңдер ме! – деген сөзді айтып қалады.
Бұдан хабардар болған Пайғамбарымыз:

– Менің асхабымды жамандап сөз айтпаңыздар. Егер сіздерден біріңіздің Ұхұд тауындай алтыны болса және оның барлығын Алла жолында жұмсаса, бұл сахабалардың Алла жолында жұмсаған бір уыс жақсылығына, тіпті оның жартысына да тең келмейді, – дейді.

Сахаба өзі сияқты сахаба жайлы бірдеңе айтып еді, Пайғамбарымыз бұны құптамады, тіпті елемей де қоймады. Үндемей қойса да болар еді. Бірақ Халид ибн Уәлидтің еңбегі мен абыройы бола тұра бәрін жөнге салғысы келіп, жоғарыдағы сөзін айтты.

Сахабалар – Пайғамбарымыздың қиын кезде қасынан табылған жандар. Оларды қалай, не үшін айыптайсың? Әбу Бәкір Сыддық сенен бұрын Пайғамбарымыздың мұғжизасын растаған. Сен өтірік көз жасыңды төгіп отырсың ғой, ал Омар Пайғамбарымызды күшімен қорғаған. Айша Пайғамбарымыздың сүйікті өмірлік жары бола білген. Мұғауия жас күнінде уахиды жазған, кейін үлкен мемлекеттің басшысы болған. Сен не бітірдің оларды жамандап, айыптайтындай?…

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.