Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жүрегіңе құлақ сал. Ол ғана сенімен соңына дейін барады

Жүрегіңе құлақ сал. Ол ғана сенімен соңына дейін барады

0 116

Бірде Пайғамбарымыз (с.ғ.с) сахабаларымен сұхбаттасып отырып былай деді:

– Қияметте, Алла әуелгілер мен кейінгілерді жинағанда, әрбір опасызға бір байрақ ұстатып қояды. «Мынау – Пәленшеұлы Пәленшенің опасыздығы» деп айтылады.

Қасыңда жүрген барлық адам сенімен бірге жолдың соңына дейін бармайды. Өміріңдегі кейбір адамдар – сөйлемдегі абзац сияқты.

Айтар ойы мен берер сабағы аяқталған. Бітті ме, оларды өмірден шығарып таста. Кітабыңның бетін ауыстыр да, ақ параққа жаңа нәрселерді жаз.

Өз өміріңді сүр, жан-жағыңда болып жатқан жайттардан ғибрат ал да, саяхатшы ретінде «Өмір» деген картаға неден өткеніңді түртіп алып, картадағыдай оларға анықтама бер.

Өзгелердің картасын зерттеп, керек жерін ал, кейбір «саяхатшылар» – саяхат кезіндегі не кедергі, не бейтарап, не оң оқиғалар, ал оларсыз саяхат кезінде алатын сабағың мен негізгі мәніңді естен шығарып алуың бек мүмкін.

Жүрегіңе құлақ сал. Ол ғана сенімен соңына дейін барады.

материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.