Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Брайль әдіснамасымен Құран оқыту курсы ашылды

Брайль әдіснамасымен Құран оқыту курсы ашылды

0 141

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасына орай Талдықорған қалалық «Нұр» мешітінде «Брайль әдіснамасы» арқылы көру, есту, сөйлеу қабілеті төмен жандарға арналған Құран оқыту курсы ашылды.

 

Аталмыш шараға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы, Талдықорған қаласының бас имамы Жансерік Өмірсерікұлы арнайы қатысып, курс жұмысына, ұстаздар мен қатысушыларға сәттілік тіледі.

Курс жұмысын үйлестіру һәм жетекшілік ету жұмысы Мирас Асанұлына тапсырылды. Арнайы Құран оқыту курсында ұстаз Назерке Қайратқызы дәріс жүргізеді. Курс бағдарламасы екі бағыт бойынша жүреді, яғни көру қабілеті нашар жандарға бөлек және есту, сөйлеу қабілеті төмен жандарға бөлек жүргізіледі. Курс барысында аталмыш мешіт ұстаздары Құран, ақида, фиқһ  дәрістерін береді.

Айта кетсек, аталмыш курсқа мүгедектігі бар 40-там астам талапкер имандылық бағытта тәлім алу үшін өтініш білдіріп отыр. Олар өз кезегінде осындай мүмкіндік тудырып, жағдай жасап берген ҚМДБ Жетісу облыстық өкілдігі қызметкерлеріне ризалығын білдірді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.