Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Алдын ала белгіленген тағдырға сену тыныштық әкеледі

Алдын ала белгіленген тағдырға сену тыныштық әкеледі

0 92

Жаратушының өзін сақтайтынына және өзіне қолдау көрсететініне сенген пенде барлық уақытта және барлық істе тек қана Алла Тағалаға сүйенеді де, адамдардың, жын-шайтандар мен мақлұқтардың іс-әрекеттерінен сескенбейтін болады.

 

Бәлкім ол барлық жақсылық та, жамандық та жазмыштың ісі екендігін, Алла Тағаланың алдын-ала белгілегеніне сәйкес болатынын, пайда мен зиян да Оның қалауына байланысты екендігін және Одан басқа ешкімнен болмайтынын біледі. Алла Тағала: «(Мұхаммед!) «Бәрі де Алланың тарапынан» деп айт», – деді («Ниса» сүресі, 78-аят).

Ал Алланың құлдары бар болғаны өздерінің дүниетанымы мен ісәрекеттері арқылы жазалануға не сауап табуға себепшілер ғана. Пайғамбар (с.а.с.): «…біліп қой, егер қауымның (барлығы) жиылып саған қандай да бір пайда істегісі келсе, олар саған Алла белгілеген нәрседе ғана пайда келтіре алады және олардың барлығы жиылып саған (қандай да бір) зиян жеткізгісі келсе, олар саған Алла белгілеген нәрседе ғана зиян тигізе алады…», – деген.

материал  «Әл-Уафи» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.