Әрбір істе өз маманына жүгін, жоғалтқаныңды табасың
Әрбір істе өз маманына жүгін, жоғалтқаныңды табасың
Убәй ибн Кағб Құранды ең жақсы оқитын сахаба еді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) оған «Бір аятты ұмытсам есіме сал» деп айтып отыратын.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бірде имамдыққа шығып бір аятты ұмытып кетеді. Намаз біте сала Убәйға:
– Бізбен бірге намаз оқыдың ба?
– Иә, Алла Елшісі!
– Онда неге менің есіме салмадың?! – дейді. Пайғамбарымыздың жаңылысуы да мейірім еді. Егер ол кісі жаңылыспағанда сәһу сәждесін қалай үйренетін едік? Осы сөзді айтпағанда намазда имам ұмытқан аятты есіне салуға болатынын қайдан білетін едік?
Тіпті жұбайының алқасы жоғалып қалғаны себепті Алла тәйәммумді берді.
Хадистен байқағанымыз – кез келген адамнан емес, сол істің маманынан ғана сұрауға болатындығы. Сол себепті де Пайғамбарымыз (с.ғ.с) Убәйдан сұрады. Ал Убәйдың кім екендігі – бесенеден белгілі.
Әрбір істе өз маманына жүгін. Сонда жоғалтқаныңды табасың!
материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,
sunna.kz